Мастер-класс өткізілді

«№1 Өскемен қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК урология бөлімшесінің базасында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметовтың бастамасымен дәрігерлерді оқыту бағдарламасы аясында мастер-класс өткізілді.

 Мастер-класс тақырыбы - «Урология және онкоурологиядағы лапароскопиялық операциялар». Мастер-классты сарапшы, халықаралық деңгейдегі онкоуролог Давид Николишвили өткізді. Мастер-класс аясында 8 операция жүргізілді:

1.    Ішастарынан ретропубикалдық әдіс арқылы радикалдық лапароскопиялық простатэктомия  - 5;

2.    Лапароскопиялық нефроэктомия – 2;

3.    Геминефроэктомия - 1.

Осы мастер-класстың арқасында облыстың 8 тұрғынына жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді. Мастер-класс барысында күрделілігі жоғары категориялы операцияға жататын технологиялар бойынша 4 уролог дәрігер тәжірибелік дағдыларға ие болды. Аталған операциялар түрлерін игеру және енгізу Қазақстанда енді ғана бастау алуда, атап айтсақ, «Ішастарынан ретропубикалдық әдіс арқылы радикалдық лапароскопиялық простатэктомия» операциясы қазіргі таңда МКБ-10 нұсқалы аурулардың халықаралық жіктемесіне әлі енгізілмеген.

«№1 Өскемен қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК материалдық-техникалық базасы аталған операцияларды өзінің заманауи жабдығын  қолдану арқасында аталған операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді. Аталған жабдықтың сапасына жоғары технологиялық операцияларды жүргізу барысында сынамалаудан өткізгенде ең жоғарғы баға берілген.

 Мастер-класс өткізуге тікелей қатысу және онлайн-режимде операциялық араласулардың трансляциясы аталған операцияларды жүргізу әдістері мен оның ерекшеліктері дағдыларын иеленуге «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК хирургтары Н.К.Куандыков, С.Б.Белых,  А.Е.Сейлханов, Р.М.Муздыбаев, Т.А.Мухамеджанов, А.А.Рукин, Е.Н.Куандыковқа ғана емес, сонымен қатар, Семей қаласының «Бүйрек орталығы» - А.М.Кусаинов және В.А.Сидехметов; Зырян ауданының ОАА – Е.Т.Тусупбеков; Аягөз ауданының ОАА – М.С.Бекинаевке де мүмкіндік берді.