«Халықаралық деңгейде бекітілген грек-латын терминдерінің мемлекеттік тілде қолданылатын медициналық глоссарийлерін оңтайландыру» тақырыбына арналған республикалық терминологиялық конференция

ҚР ДСМ медициналық терминология комиссиясы және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ұйымдастыруымен Қарағанды қаласында 2018 жылдың 26 ақпанында «Халықаралық деңгейде бекітілген латын-грек терминдерінің мемлекеттік тілде қолданылатын медициналық глосарийлерін оңтайландыру» тақырыбында республикалық терминологиялық конференция өткізілді.  

Конференцияға ШҚО әкімдігі ДСБ «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК әкімшілік басқару персоналы мамандары арасынан аудармашы Д.Р.Ақшанова қатысты.

Мамандар талқысына медицина саласы бойынша терминдер, бейіндік оқу-әдістемелік құралдар ұсынылды. Сонымен қатар конференцияда медициналық терминдерді аудару, медициналық-бейіндік сала терминологиясын аударудың, аударылған терминдерді қолданысқа енгізу және біріздендірудің өзекті мәселелері талқыланды.

Конференция соңында аталған тақырып бойынша сұрақ-жауаптар, пікірталастар орын алды.