Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының
«Шығыс Қазақстан облыстық
мамандандырылған медициналық орталығы»
ШЖҚ КМК

Стационардың бөлімшелері

№ 2 хирургия бөлімшесі

kn   Бөлімше меңгерушісі: Нурмуханов Базар Маратович

Жоғары санатты хирург-дәрігер

Төсек-орын қуаттылығы – 40 төсек-орын.

Бөлімшеде 7  хирург дәрігер қызмет атқарады,  оның ішінде,  1 хирург жоғары санатты,  1 хирург бірінші санатты,  4 хирург  - екінші санатты.    
Күнделікті 3 хирург дәрігер бөлімшеде және  3  хирург дәрігер   тәуліктік кесте бойынша қабылдау-диагностика бөлімшесінде шұғыл түрде мамандандырылған көмек көрсетеді. Дәрігерлер республикалық  деңгейде Астана және Семей қалаларының мемлекеттік медициналық университеттерінде тағылымдамадан өтіп, біліктіліктерін арттырады. Бөлімшеде ургенттік хирургияға қажетті операциялар жүргізіледі. (торакалдық, абдоминалдық, тамырлардағы). 
Сонымен қатар, бауыр, өт жолдары, ұйқы безі, ішек-қарын жолында («мини-ассистент» аппаратын қолдану арқылы холецистэктомия,   эндовидеохирургиялық холецистэктомия, аппендэктомия,  панкреонекроз кезіндегі дренажды операциялар) кіші инвазивтік операциялар жүргізіледі.
2016 жылы 1192 операция жүргізілген.

Парақтар өзгертілді: 19-02-2018