Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының
«Шығыс Қазақстан облыстық
мамандандырылған медициналық орталығы»
ШЖҚ КМК

Стационардың бөлімшелері

Урология бөлімшесіт

Куандыков Нуркумар Кинаятович Бөлімше меңгерушісі – Куандыков Нуркумар Кинаятович

Жоғары санатты уролог дәрігер
Медицина ғылымының кандидаты Шығыс Қазақстан облысының бас штаттан тыс урологы.

Төсек қоры – 50 төсек-орын.

Бөлімшеде 10 уролог, оның ішінде, жоғары санатты 3 дәрігер, бірінші санатты – 3 дәрігер, екінші санатты 4 дәрігер жұмыс істейді.
Бөлімше  қазіргі заманның деңгейіне сай зәр шығару жолдарының аурулары, қуықасты безінің аденомасы және басқа да урологиялық ауруларға шалдыққанда медициналық көмек көрсетеді. Урологиялық бейіндегі ауруларды емдеу кезінде Қашықтықтағы соққылы-толқынды литотрипсия (ДУВЛ) әдісі кеңінен қолданылады.

Заманауи жабдық – литотриптор аппаратын қолдану- интракорпоральдық литотрипсияның барлық түрлерін енгізуге мүмкіндік берді, оның ішінде, зәр шығару аурулары кезінде перкутанттық нефролитотрипсия жасаудың үлкен тәжірибесі жинақталды.  Эндоскопиялық тәсілмен операциялық жолмен емдеудің 96 %  емделді. Қуықасты безінің аденомасын емдеу кезінде трансуретралдық операциялар барлық операциялардың 95%  құрайды. Урологиялық аурулар кезінде пластикалық операциялардың барлық түрі жүргізіледі.  Сонымен қатар, заманауи деңгейде андрологиялық аурулардың емделуі жүзеге асырылады.

Урологическое отделение Урологическое отделение

 

Парақтар өзгертілді: 23-10-2017