Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының
«Шығыс Қазақстан облыстық
мамандандырылған медициналық орталығы»
ШЖҚ КМК

Стационардың бөлімшелері

Жарақат пункті

kn   Бөлімше  меңгерушісі: Касымова  Гульжан Нугумаровна

Жоғары санатты  терапевт дәрігер

Жарақат пунктінде 15 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарына амбулаториялық-емханалық, шұғыл травматологиялық көмек көрсетіледі.
Жараланулар, буындардың шығып кетуі, сіңірлердің созылуы, сынықтар кезінде толық көлемде көмек көрсетіледі. Тері қабатының зақымдануы, оның ішінде, күйіктер, үсулер, кесілген, тесілген, соғылып қалған жарақаттар, жан-жануарлардың тістеуі, жәндіктердің шағуы.


Құтырма және сіреспеден профилактикалық егулер жүргізіледі. Кенелер шаққанда кене энцефалитіне қарсы профилактикалық егулер жасалынады.
Қабылдауларды білікті мамандар – жоғары, бірінші, екінші санатты травматолог дәрігерлер мен мейіргерлер жүргізеді.   
Медициналық қызметкерлер үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Гипстік техника дағдысы мен профилактикалық егулердің ережесін меңгерген.

 

Парақтар өзгертілді: 19-02-2018