Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының
«Шығыс Қазақстан облыстық
мамандандырылған медициналық орталығы»
ШЖҚ КМК

Стационардың бөлімшелері

Қабылдау-диагностика бөлімшесі

kn Бөлімше меңгерушісі: Касымова Гульжан Нугумаровна

Жоғары санатты терапевт дәрігер

Бөлімшеде барлығы 94 қызметкер: оның ішінде 4 терапевт дәрігер, 9 хирург дәрігер, УДЗ 1 дәрігері, шұғыл қабылдаудағы 20 мейіргер және 5 күндізгі мейіргер, 38 кіші медициналық қызметкер.
Қабылдау-диагностика бөлімшесінде стационарлық медициналық көмек алу үшін емделушілерді қабылдау және тіркеу жүргізіледі:
1. Жоспарлы тәртіпте емделуге жатқызу – жұмыс уақытында алғашқы медико-санитариялық көмек мамандары немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша  жүргізіледі.
2. Шұғыл стационарлық медициналық көмек – бейіндік мамандармен тәулік бойы жүргізіледі. 
Шұғыл жағдайларда жарақаттанған емделушіге амбулаториялық жедел медициналық көмек көрсету мақсатында 2017 жылдың 01 наурызынан бастап қабылдау-диагностика бөлімшесінің құрамында тәулік бойы жарақат пункті жұмыс істейді.

Парақтар өзгертілді: 01-02-2018