Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының
«Шығыс Қазақстан облыстық
мамандандырылған медициналық орталығы»
ШЖҚ КМК

Стационардың бөлімшелері

Травматология-ортопедия және камбустиология бөлімшесі

kn   Бөлімше меңгерушісі:  Дюйсекин Еркин Ехсанович

Жоғары санатты травматолог- ортопед дәрігер
Өскемен қаласының бас штаттан тыс травматологы

Төсек қоры – 60 төсек-орын, оның ішінде – 10 төсек-орынтермиялық күйік

Бөлімшеде 12 травматолог дәрігер жұмыс істейді. Оның ішінде - 1 травматолог камбустиолог дәрігердің міндеттерін орындайды. 5 травматолог жоғары санатты, 2 дәрігер 1 санатты, 2 дәрігерде екінші біліктілік санаты бар. 
Біздің дәрігерлер үнемі өздерінің біліктіліктерін арттырады. Тағылымдамадан республикалық ТОҒЗИ, республиканың басқа қалалары мен таяу шетелдерде өтеді.

Біздің бөлімшеде қимыл-тірек аппаратының аурулары мен жарақаттары, термиялық зақымданулары кезінде емдеудің консервативтік және операциялық әдістері    қолданылады. Остеосинтездің әр түрлерін (сүйек үсті және интрамедуллярлық) жүргіземіз, сыртқы бекіту аппараттарын пайдаланамыз. Хирургиялық  араласулар кезінде жоғары мамандырылған медициналық көмектің жаңа технологиялары (буындарды эндопротездеу, импланттарды блоктаумен бірге остеосинтез жүргізу, деңгейлік түзетулермен АНФ жүргізу) енгізілуде. Бөлімшеде тізе буындарында эндоскопиялық операциялар жүргізіледі, сонымен бірге буындар, сіңірлер, тері тыртықтарына (тігістері) пластикалық операциялар, мұрын, құлақ, кеуде (емшек) бездері, іш ті қалпына келтіру бойынша операциялар орындалады.
Бөлімшенің құрамында жоғары және төмен температуралардың термиялық зақымданулары бар науқастарға арналған 10 төсек-орын жайылған. Күйіктерге қарсы арнайы төсектер бар. Күйіктер және үсулері бар науқастарға тері-пластикалық операциялар жүргізіледі.  

Жылына көлемі 900-1000 операция жасалады. 2016 жылы 1030 операция жүргізілген.

 

 

Парақтар өзгертілді: 24-01-2018