Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының
«Шығыс Қазақстан облыстық
мамандандырылған медициналық орталығы»
ШЖҚ КМК

Стационардың бөлімшелері

Кардиология бөлімшесі

kn   Бөлімше меңгерушісінің м.а.: Пинэко-Скворцова Ирина Ивановна

Жоғары санатты кардиолог дәрігер
Төсек қоры  - 35  төсек-орын

Бөлімшеде 3 дәрігер жұмыс істейді: оның ішінде,  1 дәрігер жоғары санатты, 1 дәрігер – бірінші санатты, 1 дәрігер – екінші санатты.
Бөлімшеде сауатты, тәжірибелі ұжым жұмыс істейді.

Бөлімшенің міндеті: созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, жүректің қабыну аурулары кезінде тұрғындарға шұғыл кардиологиялық көмек көрсету. 
Бөлімшеде кардиологиялық патологиясы бар емделушілерді консервативтік емдеудің заманауи стратегиясы, республикалық емдеу мекемелерінің мамандарымен қарым-қатынас жасау қолданылады.   
Шұғыл тәртіптегі жоғары мамандырылған көмекті қажет ететін емделушілер республикалық деңгейге жолданады (кардиохирургиялық – клапандарды протездеу,  кардиовертерлер-дефибрилляторлардың имплантациясы, радиожиілікті аблациялар, бағаналық жасушалармен емдеу).

 

Парақтар өзгертілді: 24-11-2017