Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының
«Шығыс Қазақстан облыстық
мамандандырылған медициналық орталығы»
ШЖҚ КМК

Стационардың бөлімшелері

Операция бөлімшесі

kn   Бөлімше меңгерушісі: Белых Сергей Борисович

Жоғары санатты хирург-уролог  дәрігер
Өскемен қаласының бас штаттан тыс хирургы

Бөлімшенің штатында 32 операциялық мейіргерлер, оның ішінде, 16 мейіргер шұғыл қызметтің тәуліктік жұмысын қамтамасыз етеді.  Бөлімшеде жоғары білікті орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді, барлық операциялық мейіргерлер біліктілікті арттыру бойынша тұрақты түрде оқытудан өтеді.  

Операция бөлімшесінің материалдық жарақтандырылуы жоғары стандарттарға сай. «Karl Storz» және «Olympus» фирмаларының эндовидеохирургиялық жабдықтары бар, оның ішінде, 3D бейне жүйесі, жоғары жиілікті электрхирургиялық генераторлар, Harmonic және SonoSurg ультрадыбыстық генераторлар («ультрадыбыстық скальпельдер»), Medtronic навигациялық жүйесі, Auriga және Dornier лазерлік генераторлар және басқалары.
Операция бөлімшесі келесі бөлімшелердің жұмысын қамтамасыз етеді: хирургия, нейрохирургия, травматология-ортопедия, урология, гинекология, сонымен бірге, қабылдау-диагностика және травматология бөлімшелерінің таңу кабинеттері.

 

 

Парақтар өзгертілді: 24-11-2017