Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының
«Шығыс Қазақстан облыстық
мамандандырылған медициналық орталығы»
ШЖҚ КМК

Стационардың бөлімшелері

Клиникалық-диагностикалық зертхана

Фомичёва Нина АлексеевнаБөлімше меңгерушісі: Дрожжина Лидия Ивановна

Жоғары санатты зертханашы дәрігер

Зертхана қызметі келесі зертханалық бөлімдермен қамтылған: клиникалық-диагностикалық, оның ішінде, гематологиялық және жалпы клиникалық; биохимиялық; ИФТ зертханалары; бактериологиялық бөлім және  екі шұғыл бөлім. 

Келесі зерттеулер жасалынады:
жалпы клиникалық, гематологиялық, гемостаз зерттеулері, биохимиялық зерттеулердің толық спектрі, гормондар, сарысу гепатиттері, онкомаркерлердің иммуноферменттік зерттеулері,  лейкоздық жасушалардың иммунофенотиптеу, иммундық жүйе қызметінің зерттелуі; ІІІ-ІV топтағы патогендік бактериялардың санитариялық-бактериологиялық зерттеулері кіретін бактериологиялық зерттеулердің толық спектрі, сонымен қатар, ІІ- ІІІ-ІV патогендік топтағы жұқпалы аурулар диагностикасына арналған серологиялық әдістер кешені.

Диагностикалық тапсырмаларды шешу мақсатында зертхана сапалы және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.

 

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 23-10-2017